“ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ” турнирі өз мәресіне жетті

2023 жылғы 25 ақпан күні Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастырған “ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ” турнирі аяқталды. Турнирге Жетісай және Мақтарал аудандары тұрғындары арасында бір әулеттен шыққан 10 отбасы мүшелерінің құрама командалары қатысты. Әрбір отбасы командалар құрамында білім беру ұйымдарының қызметкерлері, әкесі мен баласы, ерлі-зайыптылар және оқушылар өнер көрсетті. Барлық отбасы командалары өте жоғарғы деңгейде белсенділік танытып, керемет ойындарымен көрермендердің қошеметіне бөленді. Өте қызықты әрі тартысты өткен дүбірлі додада топ жарған отбасылар бөлімнің және кәсіподақ комитетінің арнайы дипломдарымен естелік кубогі және қаржылай сертификаттар табысталды.

Ахановтар отбасы – І орын

Алтауовтар отбасы – ІІ орын

Айдаровтар отбасы – ІІІ орынды алып жеңімпаз атанды.

Сонымен бірге “Үздік ойыншы”- Кішікбай Жадыра, “Үздік шабуылшы” – Айдаров Сапарбай, “Үздік қорғаушы”- Ахан Ерболат, “Үздік доп ұзатушы” номинациясымен оқушы Ахан Еркебұлан марапатталды. Бүгінгі турнирде жеңімпаз атанған және барлық қатысқан отбасы командаларына үлкен алғысымызды білдіреміз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі!

"ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ" турнирі өз мәресіне жетті "ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ" турнирі өз мәресіне жетті "ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ" турнирі өз мәресіне жетті "ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ" турнирі өз мәресіне жетті