Отрар
Отырар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті 11 маусым 2018 жылы «Кәсіподақтар күнін» салтанатты түрде атап өтті. Жиынға 110 адам шақырылды.Шақырылған кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ саласында еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан ардагер төрағалар мен төрайымдар қатысты. Шақырылған кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ саласында еңбек етіп зейнеткерлікке шыққан ардагер төрағалар мен төрайымдарға заттай сыйлықтар берілді.Барлығы 25 кәсіподақ мүшелері марапатталды. Жиынға Нұр Отан партиясының төрағасының бірінші орынбасары,аудандық білім бөлімінің басшылары қатысты.Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.