Оқыту семинары болып өтті!
Облыстық білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 19 сәуір күні Түркістан қаласының Ш.Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Басшы лауазымына үміткер кандидаттың кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы оқыту семинары болып өтті. Семинардың басты мақсаты – Басшы кадрлар резервіндегі директор орынбасарларының дайындығын әдістемелік сүйемелдеу, кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беру ұйымдарын басқарудың озық үлгісімен таныстыру, пікір алмасу болса, оған аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты мектеп директорларының орынбасарлары қатысты. Облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгері Ғ.Ақбердиев аталған семинарда «Білім саласындадағы еңбек заңнамасының талаптары» тақырыбында баяндама жасады. Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды. Іс шара жоғары деңгейде өткізілді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.