Оқыту семинары болып өтті!
Облыстық білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 25 қаңтары күні Түркістан қаласының С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицейінде «Басшы лауазымына үміткер кандидаттың кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы оқыту семинары болып өтті. Семинардың басты мақсаты – Басшы кадрлар резервіндегі директор орынбасарларының дайындығын әдістемелік сүйемелдеу, кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беру ұйымдарын басқарудың озық үлгісімен таныстыру, пікір алмасу болса, оған аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты мектеп директорларының орынбасарлары қатысты. Семинар барысында педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Қожымбетова (Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы), облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгері Ғ.Ақбердиев (Білім саласында еңбек заңнамасы талаптарын сақтау), облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері С.Тлеулиев (ҚР БжҒМ 21.02.2012 ж. №57 бұйрығын орындау), Ғ.Тілеубердиева (Психологиялық қолдау), Ш.Құдайбергенова (Қазақстандағы білім беруде халықаралық зерттеулердің рөлі), Түркістан қаласы, Абай атындағы №31 ЖОМ директорының орынбасары А.Пошанова (Педагогтердің ғылыми-әдістемелік құзыреттілігін дамыту бойынша мұғалімдердің командалық жұмысы) және Сайрам ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы №30 ЖОМ директорының орынбасары С.Қансейітова (Ұйымдық өзгерістерді тиімді басқарудың инновациялық тәсілдері мен модельдері) баяндама жасады. Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды. Іс шара жоғары деңгейде өткізілді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.