Оқыту семинары

Оқыту семинары

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 10 мамыр күні Толыбай батыр атындағы №66 жалпы білім беретін мектебінің мәжіліс залында Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Халықаралық медиация орталығының директоры, халықаралық медиатор Өмірзақов Бауыржан Сапарбайұлы, Сарыағаш ауданы білім бөлімінің бас маманы Кошкинбаев Ерлан Абдирахимұлы, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Тастанбеков Әкімбай Зейтбайұлы және 300 ге жуық білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелері қатысты. Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы семинарға келген білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу жұмыстарын айтып өтті. Халықаралық медиация орталығының директоры, халықаралық медиатор Өмірзақов Бауыржан Сапарбайұлы келісім комиссиясы мүшелеріне жалпы медиация туралы ақпарат берді . Тақырыпқа байланысты және басқада сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Семинар соңында келісім комиссиясы мүшелерінің семинарға қатысқандығын растайтын, сертификаттар табысталды.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.