Оқыту семинары
![Оқыту семинары Оқыту семинары](https://edu-tradeunion-uko.kz/wp-content/uploads/2024/06/440880623_1939544143168334_6551956855821541011_n-300x200.jpg)
Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен 29 сәуір күні №7 IT мектеп лицейінің мәжіліс залында Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Төлеби ауданының білім бөлімінің заңгері Жакипов Бақыт Тұрарұлы, Төлеби аудандық соты медиаторы Дауленбаева Баян Наурызбайқызы, Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мырзалы Ғалымжан Алтынбайұлы және білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелері қатысты. Төлеби аудандық соты медиаторы Дауленбаева Баян Наурызбайқызы келісім комиссиясы мүшелеріне баяндамасын оқыды. Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы семинарға келген білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу жұмыстарын айтып өтті. Тақырыпқа байланысты және басқада сұрақтарға нақты жауап берді. Семинар соңында келісім комиссиясы мүшелерінің семинарға қатысқандығын растайтын, сертификаттар табысталды.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.