Пауерлифтинг марапатау
Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Пауерлифтингтен мектеп оқушылары, Сұлтанрабат жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімінің жаттықтыруымен үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Әлем чемпионы, Азия чемпиондары, әлем рекордын жасаған, әлемнің ең мықты 10 спортшыларына кіретін, спорт шебері оқушыларымыз бар.
- Джумабаева Барно – №16 Ш.Уалиханов ЖОМ, 10 сынып оқушысы.
Әлем чемпионы- Вильнюс 2021ж.
Әлем чемпионы- Алматы 2022ж.
Әлем рекордсмені;
Азия чемпионы –Түркия 2021ж.
Азия чемпионы –Монғолия 2022ж.
Әлемнің ең мықты 10 спортшыларының көшбасшысы;
Халықаралық спорт шебері;
- Заитов Алишер – №5 мектеп гимназиясы, 10 сынып оқушысы.
Қазақстан Республикасы спорт шебері;
Азия чемпионы –Дубай (БАӘ) 2022ж.
Азия чемпионы –Монғолия 2022ж.
- Насириддинова Сарвиноз – Сұлтанрабат ЖОМ, 11 сынып оқушысы.
Қазақстан Республикасы спорт шебері;
Азия чемпионы –Алматы 2022ж.
Азия чемпионы –Монғолия 2022ж.
- Шестакова Екатерина- №5 мектеп гимназиясы, 10 сынып оқушысы.
Қазақстан Республикасы спорт шеберіне үміткер;
Азия чемпионы –Дубай (БАӘ) 2022ж.
Азия чемпионы –Алматы 2022ж.
- Таджиев Тураптай – Сұлтанрабат ЖОМ, ұстаз, Түркістан облысы бойынша пауерлифтингтен аға жаттықтырушы жаттықтырушы.
Әлемдік деңгейде Қазақстан елінің намысын қорғап жүрген спортшыларымыздың осы жеткен үлкен жетістіктерін бағалай келе ынталандыру мақсатында алғыс хат пен оқушыларға 20 000 теңгеден және ұстазға 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.