«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ» — МҰҒАЛІМНІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ» — МҰҒАЛІМНІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

ҰлыАбайбабамыз «Адамныңадамшылығыжақсыұстаздан» дептегінайтпасакерек.Ұс­таз­дыңорнықашандатөрекендігібелгілі.Елімізегемендікалып, дамығанелдердіңқатарынанорыналыпжатса, экономи­камызартып, ғылымментехникамыздамыпжатса, мұныңбәрібілімменкеледі.Албілімдіберетін, ұрпақтытәрбиелейтінол – мұғалім.Мұғалімніңбеделітуралысөзқозғағандакөбінебіркездердедепайта­мыз.Шындығында, біркездемұғалімдіанадайданкөріп, жолберіп, тоқтайқалыпамандасатынедік.Солардақтымұғалімніңбеделініңтүсіп, әлсірепкеткенідешындықеді.Елболып, қоғамболыпқолғаалып, «Педагогмәртебесі» туралызаңдүниегекелді.Әржылдар­дағыЕлбасыЖолдауынанбіртүспейтінбілімсаласынадегенқамқорлықөзжалғасынтапты.Бұл заң ұстаз мамандығының мерейін көтеріп, беделін арттыратыны сөзсіз. Арыс қаласының білім жүйесі де “Педагог мәртебесі туралы” заңның ұстаздар қауымына аянбай еңбет ететініне сенімді. Төрт бағыт пен 21 баптан тұратын заң аясында педагогтардың мәртебесі айқындалды. Олардың құқықтары, әлеуметтік жағ­дай­­лары, міндеттері мен жауапкер­шіліктері нақты көрсетілді.

Биылдан бастап жалақыны 25 пайызға өсіріп, оны төрт жыл ішінде екі есеге көтеру,жүктеме санын азайту, педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақысы­ның 30, 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақының төленуі, дарынды балалар тәрбиелеген ұстаздар еңбегінің еленуі, біліктілігіне қарай мектеп директорлары мен орынбасарлары жалақыларының көбеюі, т.б.

Мұғалімдерді кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыстарға тартуға, заңда көзделмеген тексерулер, басқа да жұмыстарға тартуға болмайтыны оның көрсетілген заңның үшінші бөлімінде педагогтың кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтарының айқын­далуы да оларды құқықтық жағынан қорғалуларына негіз болады.Педагогтардың әлеуметтік жағдай­лары туралы да барынша анық көрсе­тілген.

Міне, осындай толып жатқан мүм­кін­діктер қарастырылған заңда мұғалім мін­деті де көрсетілді. Бұл заң ұстаздар қа­уымының мерейін өсіріп, олардың тұр­мыс жағдайларының жақсаруына да оң әсерін тигізеді. Сондықтан біз де өз тара­пымыздан жауапкершілігімізді сезініп, осы сенімге сай еңбек етуіміз керек.

Біздің міндетіміз — білімді, жоғары деңгейдегі, бәсекеге қабілетті, жеке өз пікірі бар, көп тіл білетін, заманауи тұлға қалыптастыру. Осы жолда біздің еркін еңбек етуімізге барлық жағдай жасалып жатыр.

Мұғалімнің мәртебесін анықтап отырған аталмыш заң Ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің «Бізге жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген бағасының ашық көрінісі іспетті.

Осындай жақсы жағдайлар жасалып жатқанда, еліміздің білім жүйесінің де ерекше қанаттанып, еңбекке деген құлшыныстарының артатыны анық.

 

Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы МұхаевЖұматай

 

 

 «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ» — МҰҒАЛІМНІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ