“Перзент парызы” атты тәрбиешілер байқауы

Мақтаарал ауданының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жылдық жоспарына сай 05 ақпан күні  МКҚК “Үлгілі” бөбекжай балабақшасында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына  орай “Перзент парызы” атты тәрбиешілер байқауы ұйымдастырылды. Төрт топтан жұппен қатысқан тәрбиешілер өз білімі мен шеберліктерін ортаға салды. «Ақ көгершін»тобынан В.Атабекова, З.Балғабаева, «Балдырған» тобынан К.Әбенова, Г.Қалдырова, «Күншуақ» тобынан М.Мирашова, Ш.Исаева, «Балапан» тобынан Қ.Жангирова мен А.Аязхановалар қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды. «Абай әлеміне саяхат» ақынның өлеңдерін, әндерін мәнерлеп оқу сайысында барлық тәрбиешілердің дайындығы өте жоғары деңгейде болды. Ал, «Ой шақыру» сұрақ-жауаптар кезеңінде Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығынан берілген тапсырмаларды да жақсы орындап шықты. Соңғы «Өнерпаз болсаң, арқалан» кезеңінде тәрбиешілер өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстарын қорғады.

Байқау барысында төрелік еткен З.Амирсейтова, Л.Саржанова, Е.Жанисовтер барлық тәрбиешілердің дайындығын әділ  бағалады. Нәтижесінде Бас жүлдені «Ақ көгершін»тобының тәрбиешілері В.Атабекова мен З.Балғабаева жеңіп алды. Ал І орынды «Күншуақ» тобының тәрбиешілері М.Мирашова мен Ш.Исаева иеленді. ІІ орынды «Балдырған» тобының тәрбиешілері  К.Әбенова мен Г.Қалдырова иемденді. ІІІ орынды «Балапан» тобының тәрбиешілері Қ.Жангирова мен А.Аязханова иеленді.

Ұлы ақынның мұраларын насихаттау, үлгі ету шараларына белсенділік танытқан Білім және ғылым қызметкерлерінің Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Комитет атынан балабақша меңгерушісі М.Ақбалаеваға алғыс білдіреміз.

“Перзент парызы” атты тәрбиешілер байқауы “Перзент парызы” атты тәрбиешілер байқауы “Перзент парызы” атты тәрбиешілер байқауы “Перзент парызы” атты тәрбиешілер байқауы “Перзент парызы” атты тәрбиешілер байқауы