Республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мектепке жол » республикалық акциясы биыл Ә.Сығай атындағы жалпы білім беретін мектепте болып өтті. Сауран ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен акцияның мақсаты- аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз етіліп, оқушылыардың білім алуына барынша көмек көрсететін игі шаралардың бірі.

Акция барысында Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Фатима Рысбекова балаларға жүрек жылуын ұсынып, көмек қолын соза отырып, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Ата-аналар мен балалар кәсіподақ ұйымының қамқорлығы үшін үлкен алғысын білдірді.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.