Рухани жаңғырудың жарқын жолы.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің 12.09.2018 жылғы № 09-04/158 хатына орай 2018 жылдың қыркүйек айының     25 жұлдызында Мақтарал аудандық кәсіподақ ұйымының бастамасымен М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінде «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті.

Семинар барысында қазіргі қоғамдағы ұстаздардың мәртебесі, білім саласындағы реформалар мен өзгерістер, сонымен қатар ағарту саласындағы кәсіподақ ұйымының рөлі мен мақсаттары туралы баяндалды. Іс-шараны лайықты атап өту мақсатында кәсіподақ ұйымын насихаттау үшін көрмелер әзірленіп, лозунгтер мен плакаттар дайындау  сияқты жұмыстар атқарылды.

Іс-шараның екінші бөлімінде М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі ұстаздарының қатысуымен «Білім сайысы» ұйымдастырылып, байқау жеңімпаздары аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Рухани жаңғырудың жарқын жолы.

Рухани жаңғырудың жарқын жолы.