«Рухы біліммен жаңарған жұлдыздар» атты марапттау рәсімі

Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 31 наурыз күні облыстық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне арналған «Рухы біліммен жаңарған жұлдыздар» атты марапттау рәсімі ұйымдастырылып өткізілді.

Салтанатты шара барысында Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық қоғамдық кеңесінің және аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы С.Мелдеханов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Қошқаров пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов барша пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және осы оқушылардың жоғарғы жетістікке жетуіне негіз болған ұстаздарын жеңістерімен құттықтап, аудан әкімдігі, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы мадақтамаларымен марапаттады.

Сонымен қатар білім беру саласына сүбелі үлесін қосқан ардагер ұстаз, бүгінгі таңда сексен жастың сеңгіріне шыққан ағарту саласының үздігі Шарипов Сабыр атамыз арнайы келіп, ұстаздар мен оқушыларды керемет жетістіктерімен құттықтап, батасын берді.

Салтанатты жиынның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Рухы біліммен жаңарған жұлдыздар» атты марапттау рәсімі «Рухы біліммен жаңарған жұлдыздар» атты марапттау рәсімі «Рухы біліммен жаңарған жұлдыздар» атты марапттау рәсімі «Рухы біліммен жаңарған жұлдыздар» атты марапттау рәсімі «Рухы біліммен жаңарған жұлдыздар» атты марапттау рәсімі