Салтанатты жиын

27 мамыр күні М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Төленбаев Оразалі Әбілхайырұлының зейнеткерлікке шығуына байланысты, мектеп ұжымының ұйымдастырылуымен салтанатты жиын өткізілді. Жиынға ауыл әкімі, спорт мектебінің директоры Ташов Ермек, ата аналар, мектеп ұжымы, оқушылар, зейнеткер ұстаздык кластастары мен бауырлсры және жазушылар одағының мүшесі Сердалиев Ерғали қатысып құттықтау сщз сөйлеп, өлең оқыды.
Аудандық білімі қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Қасым Егемберді жиынға қатысып құттықтау сөз сөйлеп, аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің құттықтау хатын тапсырып, облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісін тақты.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Салтанатты жиын Салтанатты жиын Салтанатты жиын Салтанатты жиын