Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған
мерекелік іс-шара өтті
Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен. Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде 8-наурыз “Халықаралық әйелдер күні” қарсаңында “Ана-гүл, Ана-өмір шуағы” тақырыбында мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Аудандық білім мекемелерінде жұмыс жасайтын “Алтын, Күміс алқалы алтын құрсақты, бірнеше егіздерді дүниеге алып келген Батыр аналар қатысты.
Мерекеге Қазақстан Республикасы парламент сенатының депутаты Әли Бектаев, Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің “Түркістан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің” төрағасы Бахыт Еркінбек, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әкімбай Тастанбеков, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Назира Тәшімбетова қатысып, барша аналарды “8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні” мерекесімен құтықтады.
Салтанатты жиынға арнайы шақырылған көп балалы Батыр аналарға марапат жасалынып, сыйлықтар тапсырылды.
Мерекелік құтықтау соңы аудандық өнер иелерінің концерттік бағдарламасына ұласты.