САУРАНДА “ҰСТАЗ БАРЫСЫ-2025″ ТУРНИРІ ӨТТІ

Сауран ауданының білім бөлімі мен Түркістан облысы білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы” ұйымдастыруымен Т.Айтжанов атындағы мектеп базасында аудандық “Ұстаз барысы-2025” турнирі өтті.
Бұл турнирге Сауран аудандық кәсіподақ білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті демеушілік жасады.
Сайыстың мақсаты – қазақ күресін дамыту және ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұстаздардың шеберлігін шыңдау, жалпы ұстаздар арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту еді.
Ұстаздықпен қоса құрыштай шыныққан сайыпқырандардың саңлағын анықтайтын «Ұстаз барысы-2025» турнирінде ұстаздық жолында қызмет етіп, бозкілемде жауырындары жерге тимейтін балуандар өз күштерін көрсетті.
Көпшілік алғысын айтып, күресті жарқын көңілмен тамашалады. Білім мен спортты қатар алып жүрген ұстаздарға жанкүйерлері қолдау білдіріп отырды.
Жекпе-жекке кәсіби балуандар емес, жас ұрпаққа ұстаздық етушілер қатысқанына қарамастан, «Ұстаз барысы-2025» жарысы барлық ережелерге сай өтті.
Мұғалімдер боз кілемде белдесіп, күші басым түскендер жүлделі орындарды олжалады.
Олар:
- 60 кг – Әлдін Еркебұлан Есімханұлы (Қаражон мектебі, ағылшын тілі пәні)
- 66 кг – Ангуров Бекзод Алимханович (Иқан мектеп-гимназиясы, дене шынықтыру)
- 74 кг – Нарбаев Мереке Оразбаевич (Т.Айтжанов мектебі, дене шынықтыру)
- 82 кг – Дүйсенбеков Талғат Сапаралиевич (Абай мектебі, дене шынықтыру)
- 90 кг – Ергенбай Әділет Нұрланұлы (Т.Айтжанов мектебі, дене шынықтыру)
- 100 кг – Нусбатов Туйчи Гафуржанович (Ә.Молдағұлова мектебі, дене шынықтыру)
- +100 кг – Салаев Абдугани Нуритдинович (С.Рахимов мектебі, дене шынықтыру)
Жеңімпаздарға Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима Абуталиповна қаржылай сыйлықтар табыстады!
Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.