«Саяхат-өзімізді іздеп табуға арналған ең ұлы ғылым»
Альберт Хамю
Шымкент қаласы, қалалық білім басқармасына қарасты 95 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы 2023 жылдың 29 сәуір күні Өзбекстан республикасының ежелгі Самарқанд қаласына саяхаттап барып қайтты.
Гур-Әмір мавзолейін (Темуридтердіңхандық қорымы), тарихи орын “Регистанды”(мұнда Тіллә-қари, Ұлықбек, Шердор медреселері), Әмір Темірдің әйелі Мүлк Ханым мешітін, Шахи Зинда ескерткішіне және Өзбекстанның алғашқы президенті И. Каримов қабіріне зиярат етіп құран бағыштады.
Сондай-ақ ұжым мамыр айының соңына қарай Сайрам өгем ұлттық табиғи паркіне баруды жоспарлауда.
Барлық саяхатты қаржыландырып отырған “Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” Қоғамдық бірлестігі. Біз бұл кәсіподаққа мүше болғанымызға ризамыз және ТО кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлына және ұжымындағы барша қызметкерлерге бізбен бірге тиімді, келісімді жұмыс жүргізгені үшін рахметімізді айтамыз.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.