Семинар болып өтті

Кентау қалалық білім бөлімі және білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 17 Сәуір күні Ю.Гагарин атындағы №16 политехникалық мектеп-лицейінің мәжіліс залында Кентау қалалық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өтті. Семинарды Кентау қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Садуов Талғат Нұралыұлы жүргізіп отырды. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелері мен бастауыш ұйым төрағалары қатысты.
Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы тақырыпқа байланысты білім беру ұйымдарда Еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек даулары және олардың шешу жолдары, келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру жөнінде баяндама жасап, басқада сұрақтарға нақты жауап берді.
Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды. Қатысушыларға облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан сертификаттар табыс етілді.
Қалалық Балалар саз мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Облыстан келген кәсіподақ ұйымының басшылығына алғысын білдірді.
Іс шара жоғары деңгейде өткізілді.
Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.