Семинар болып өтті
Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 03 мамыры күні Кентау қаласындағы Ю.Гагарин атындағы №16 политехникалық мектеп-лицейінің акт залында Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшылары, мен басшы орынбасарлары на, әдіскерлеріне, қоғамдық еңбек инспекторлары мен бастауыш кәсіподақ комитеті төрағаларына “Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы”, “Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру” тақырыптарында оқу-семинары өткізілді. Оқу семинарына 98 кәсіподақ мүшелері қамтылып, сертификатталды. Қатысушыларғаоқу әдістемелік нұсқаулықтар таратылды. Оқу семинарында Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы-заңгері Ақбердиев Ғабит Кенесұлы тақырып бойынша кең көлемде түсіндірме жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері Касымбаева Бибігүл Шарапқызы Білім беру үдерісіндегі нормативті құқықтық құжаттар, мектеп басшыларының, орынбасарларының және мұғалімдердің аттестациялануына байланысты өзгерістер, біліктілік талаптары туралы тақырыптық баяндама жасап, қатысушыларды толғандырып жүрген мәселелер, сұрақтар төңірегінде қызу талқылаулар жүрді.
Семинар қорытындысында жоғары жетістіктерге жетіп жүрген белсенді кәсіподақ мүшелері республикалық және облыстық дәрежедегі алғыс хаттармен, төсбелгілермен марапатталды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.