Семинар – кеңес өткізілді.

Сайрам аудандық кәсіподақ жоспарына сай жаңадан сайланған кәсіподақ комитетінің төрағаларымен семинар – кеңес өткізілді. Семинар барысында кәсіподақтың мақсаттары мен міндеттері, кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары туралы, кәсіподақ ұйымындағы негізгі құжаттар мазмұнының құрылымы, кәсіподақ ұйымындағы іс-жүргізу туралы түсіндірме жүргізілді.

Әрі қарай қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтың рөлі, кәсіподақтардың жұмыс берушілермен өзара іс-әрекеті, яғни Ұжымдық шарттағы қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері туралы айтылды. Кәсіподақтың ең басты құқықтық актілерінің бірі «Бастауыш кәсіподақ ұйымының Ережесі», «Кәсіподақтар туралы заңы» талқыланды.

Семинардың аяғында қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Семинар – кеңес өткізілді. Семинар – кеңес өткізілді. Семинар – кеңес өткізілді. Семинар – кеңес өткізілді.