Семинар кеңес

Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Ғ. Мұратбаев атындағы шағын жинақты орта мектебінің ашылғанына 50 жыл толуына байланысты «Кешегі, бүгінгі, ертеңгі» тақырыбында семинар кеңес өтті. Кеңеске мектеп директорлары, осы мектепті басқарған басшылар, осы мектептен зейнеткерге шыққан ардагер ұстаздар, ата-аналар және кәсіпкерлер шақырылған. Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары Бекмұрат Б. әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ембай Д. әдістемілік кабинеттің әдіскері Масанов Н. Ауыл әкімі Иманов Б. экс әкім Сыздықов Б.Өскемен қаласында тұратын ауыл азаматы кәсіпкер Шалабаев Серік қатысты. Мектепте 3 кабинет демеушілердің есебінен жабдықталып ашылды. Мектептің «кешегі, бүгінгі, ертеңгі» тақырыбына байланысты көрме ұйымдастырылған. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Е. Қасым жиынға қатысып құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ активтері мен мектеп оқушыларын марапаттады. Жиын барысында Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ғ. Мұратбаев атындағы мемориалды музейі ұжымының құттықтау хаты оқылды.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Семинар кеңес Семинар кеңес Семинар кеңес Семинар кеңес Семинар кеңес