Семинар-кеңес
Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» үлкен мәжіліс залында, Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен, «Кәсіподақтың қоғамдағы маңызы мен рөлін арттыру» тақырыбында семинар өткізді.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бірқатар ұстаздардың пікірінен кейін, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Семинарға арнайы шақырылған «Азаматтарға арналған үкімет КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы Ордабасы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі» басшысының орынбасары Байдуалы Ұлықбек Күндебайұлы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізіп, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Семинарда, 01.07.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, комитет төрағасының кеңесшісі Ә.Сәдірмек мәлімдеме жасап, тақырыпқа сай қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.