Семинар кеңес
Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен семинар кеңесін өткізді. Семинар кеңесінің күн тәртібі 4 мәселені қамтыды:
Аудандық кәсіподақ комитетінің жаңа оқу жылына дейінгі жұмыс қорытындысы.
Аудандық кәсіподақ комитеті 2025-2027 жылдарға арналған ұжымдық шарттар мен әлеуметтік әріптестік туралы келісімдердің жасалуы.
Мектепте еңбекті қорғаудың жай-күйіне кешенді және мақсатты зерделеу жүргізу.
Әр түрлі мәселелер.
Күн тәртібі баяндалып, Ғ.Мырзалы 2023-2024 оқу жылындағы жасалған жұмыстарды толықтай айтып өтті, қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауаптар берілді. Аудандық кәсіподақ комитеті 2025-2027 жылдарға арналған ұжымдық шарттар мен әлеуметтік әріптестік туралы келісімдердің жасалуы. Мектепте еңбекті қорғаудың жай-күйіне кешенді және мақсатты зерделеу жүргізу жайлы аудандық кәсіподақ комитеті маманы Маккамбаев Сеитқожа баяндап, толықтай айтып өтті. Әртүрлі мәселелер бойынша хабарламалар айтылып, жаңадан жұмысқа қабылданғандардың өтініштерін толықтыру, білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитеті төрағаларына ескертпелер, ұсыныстар айтылды.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.