Семинар

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің 2019 жылғы 09-сәуірдегі № 09-04/72-санды хатына сәйкес, ұйымдардағы еңбек даулары мен әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мақсатында 22.04.2019 жылғы                                                                                                Ордабасы аудандық білім бөлімінің № 412 бұйрығымен және білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің № 5/ә-санды қаулысымен бірлескен шешім шығарылды. 2019 жылдың мамыр, қыркүйек, қазан айларында  ұйымдардағы еңбек даулары мен әлеуметтік шиеленістердің алдын алу, жұмыскерлерді қауіпсіз әрі санитарлық гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету, оларға еңбек заңнамаларын түсіндіру, сондай-ақ олардың мұң-мұқтажын тыңдап, шешімін таппай отырған проблемалық мәселелерді шешу мақсатында аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты 96 бастауыш кәсіподақ ұйымдарында аудандық кәсіподақ комитеті өкілдері мен білім беру мекемелеріне жауапты бухгалтерлердің қатысуымен семинарлар өткізу жоспарланып, қазіргі таңда ол жұмыстар басталып кетті.

Бірлескен шешім 96 бастауыш кәсіподақ ұйымдарына таратылды және жиналысты ұйымдастыру, жалақы төлеу мәселелері бойынша алдын ала төрағалар мен буxгалтерлерге нұсқаулықтар мен түсіндірмелер берілді.

Осындай кездесудің 2019 жылғы 21 мамыр күні «Аққу» балабақшасында мағыналы да мәнді өтті. Кәсіподақ комитеті тарапынан комитет кеңесшісі Маханова З.С. қатысты. Семинарда жұмыс берушінің 2019 жылы атқарған жұмыстары, бас  буxгалтер жалақының есептелуі және төленуі туралы ақпарат берді. Ал аудандық кәсіподақ комитетінің өкілі Замира Сабекқызының тарапынан кәсіподақ қозғалысының жұмысын жақсарту, беделін арттыру мақсатында пікірлер мен ұсыныстар айтылып, сұрақтарға жауап берілді.
Семинар Семинар Семинар Семинар Семинар