Семинар

Ақпараттық хабар

 

2021 жылғы 23 қараша күні  «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық кәсіподақ комитетінің әдістемелік кабинетінде бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілерімен семинар өткізді

Семинарға университеттер мен колледждер және облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Семинарды  облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, семинардың бағдарламасымен таныстырды.

Семинар бағдарламасы:

1.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарындағы облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы бейнеролик.

2.Қазақстан Республикасының  Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы.

3.Кәсіподақ комитетттері қызметінің негізгі бағыттары. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында іс қағаздарын жүргізу.

  1. Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құрал. Ұжымдық шарттың мазмұны және оның орындалуын бақылау. Еңбек шарты. Қызметкерлерді жұмыстан сауатты босатуды жалпы қағидалары. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын тоқтату тәртібі. Саладағы қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылу деректері және оны ретке келтіру жолдары.

Семинарға қатысушы кәсіподақ активіне облыстық кәсіподақ комитетінің еліміз тәуелсіздігі жылдарындағы қызметі туралы 20 минуттық бейнеролик көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек хабарлама жасады.

Үшінші мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, төртінші мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгер Ғ.Ақбердиев түсіндірме жасады, сұрақтарға жауап берді.

Семинарға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ұсыныстары мен пікірлерін айтты.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек озат кәсіподақ комитеті төрағаларына Құрмет грамоталарын, бағалы сыйлықтарды тапсырды, семинар жұмысын қорытындылады.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Семинар

Семинар

Семинар

Семинар

Семинар

Семинар

Семинар

Семинар