Семинар
19 мамыр күні Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті аудандық семинар өткізді. Семинарға білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев және Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ әдіскері Б.Касымбаева қатысты.
Аудандық семинарды Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф.Рысбекова ашып, қатысушыларды семинар бағдарламасымен таныстырды.
Семинарда «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі облыстық комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру туралы» мәселелер бойынша лекциялар оқыды. Лекциялар қарапайым тілде, көпшілікке ұғымды, нақты мысалдар мен деректер негізінде тартымды оқылды.
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ әдіскері Б.Касымбаева «Білім беру ұйымдарында басшылар мен педагогтарды аттестаттау, басшы кадрларды тағайындау, ротация жасау мәселелері туралы» түсіндірме жасады, сұрақтарға жауап берді.
Семинарда өзара пікір алмасу, тәжірибелерімен бөлісу жүргізілді, ұсыныстар айтылып, сұрақтарға жауаптар берілді.
Семинар соңында кәсіподақ активіне Республикалық «Мәртебе» білім және ғылым саласының кәсіптік одағының марапаттарын, облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгілерін, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын, ТО АӘДБ Алғыс хаттарын тапсырды.
Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.