Семинар
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағымен бірлестікте курс тыңдаушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың алдын-алу және күресу мақсатында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралармен таныстырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың жай құқық бұзушылық емес екенін ескертіп, бұл келеңсіз құбылыстың ұрпақ тәрбиесіне келтірер зияны туралы таныстырылымды ұсынып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Түркістан облысы бойынша жергілікті кәсіподақтың бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы педагогтермен салық мәселесі, сонымен қатар қазіргі жаз мезгілінде өте өзекті болып отырған еңбек демалысы ақысының есептелуі мен төлемі, сауықтыру қаражаты, 2-3 жерде жұмыс жасаудың қаншалықты заңдылығы т.б. мәселелерді талқылады.
Қазіргі таңда жалған сертификаттардың кездесу мәселесіне орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ осы бағытта жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталып өттім: сертификат үлгісінің өзгеруі, сертификатқа қосымшаның болуы, әрбір сертификаттағы QR-код. QR-код арқылы педагогтердің бірыңғай деректер базасына еніп, сертификат иесі, қай кезде, қай жерде, қандай курстан өткені туралы мәліметтерді білуге болады.
Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіретіндіктен, баршаңызды сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға белсенді қатысуға шақырамын.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.