Семинар

Семинар

Жетісай қаласы “А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп” білім шаңырағының 50 жылдық мерекесіне орай “Білім берудегі жаһандық заманауи талаптар-білімді ұрпақ тәрбиелеудің зияткерлік қуаты” тақырыбында облыстық семинар өтілді. Іс-шара барысында 1994-2013 жылдар аралығында мектепті басқарған Мұқан Әліпбекұлының есімімен 1 кабинет жабдықталып ашылды. Осындай игілікті іс шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы мырза,Түркістан облысы “Білім беруді дамыту орталығы”КММ-нің басшысы Төлімбет Бақытжан Нұрмаханбетұлы, Жетісай қаласының әкімі Бахтияров Нұрлыбек мырза, Жетісай ауданының білім бөлімінің м.а Адайбеков Шохан мырза, “САНҰР қоғамдық телерадиосының басшысы Саржанова Гулмира ханым, ардагер ұстаздар, ауданның құрметті азаматтары мен бітіруші түлектер арнайы келіп, қатысты. Сонымен қатар қазіргі заманауи үлгіде жабдықталған”Робототехника” сыныбы ашылып, информатика пәні мұғалімдері Г.Есенбекова, Н.Қаныбекова, Қ.Бақыбаев және 7 сынып оқушыларының жасаған жұмыстарымен танысып, ізгі лебіздерін білдірді. Концерттік қойылымдар көрсетілді. Пән мұғалімдері оқушылар мен келген ұстаздар арасында түрлі сабақтар мен шебер сабақтарын өткізіп, іс-шараны жоғары деңгейде өткізе білді. Осы іс шараны өткізуге демеушілік жасап, қолдау көрсеткен Жетісай аудандық кәсіподақ комитетіне алғысымызды білдіреміз.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі