Спартакиада

Спартакиада

Жетісай ауданының білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 5 қазан – “Ұстаздар күні” кәсіби мерекесіне арналған педагогтер мен қызметкерлер арасында спорттың шахмат, волейбол, шағын футбол түрлерінен мұғалімдер спартакиадасы өтті. Мақсат: Аудандағы бұқаралық спортты дамыту, педагогтер мен қызметкерлердің ынтымақтастығын нығайту, бос уақытты тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Бекітілген ереже сәйкес І кезеңде қала, кент, ауылдық округтерде орналасқан білім беру ұйымдарының командалары өзара жарысты. Жетісай ауданы бойынша қала, кент, ауылдық округтерден жалпы 13 команда құрамалары жасақталып, аудандық ІІ кезеңде бақ сынасты. Шахмат ойынында команда құрамында 2 ер, 1 әйел. Жалпы 219 педагогтер мен қызметкерлер қатысты. Сонымен бірге ерлер арасында шағын футбол мен волейбол жарысына 1700-ге жуық ұстаздарымыз екі кезеңде өнер көрсетті. Спартакиада нәтижесі бойынша аудандық кезеңде:

Шахмат ойынында

І орын – Қазыбек би атындағы №67 ЖББМ,

Команда құрамы: Таленов Ербол, Әшіралиев Шынболат, Тойшиева Гүлнар

ІІ орын- А.Байтұрсынов атындағы №5 ЖББМ,

Команда құрамы: Алдамұратов Елібай, Каденов Бақтыбай, Байжан Данагүл

ІІІ орынды- №72 ЖББМ командалары иеленді

Команда құрамы: Басанов Қанат, Алтынбаев Бегалы, Эркинова Фариза

Шағын футбол жарысы бойынша

І орын – Қазыбек би атындағы №67 ЖББМ,

ІІ орын- Х.Доспанова атындағы №28 ЖББМ,

ІІІ орын- Б.Момышұлы атындағы №6 МГ

Волейбол жарысында

І орын- Б.Момышұлы атындағы №6 МГ,

ІІ орын – №65 Достық ЖББМ,

ІІІ орынға- М.Мәметова атындағы №33 ЖББМ-ң құрама командалары тұрақталды.

Спартакиада қорытындысында жеңімпаз болған командаларға білім бөлімінің және кәсіподақ комитетімен бірлескен дипломдары, қаржылай сертификаттар табысталды.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.