Спартакиада
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 10 қазан Қазақстан Кәсіподақтары күніне орай 2021 жылы 30 қыркүйек күні Төлеби ауданынының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті бірлесіп мұғалімдер спартакиадасын өткізді. Ережеге сәйкес жарыс спорттың 3 түрінен жүргізіліп, №7 ІТ мектеп-лицей базасында ерлер арасында кіші футболдан, №3 П.Тәжібаева атындағы ЖОББМ базасында әйелдер арасында волейболдан, №2 Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББМ базасында үстел теннисінен жарыстар өткізілді.
Жарыс нәтижелері бойынша:
1) Кіші футболдан жүлделі 1 орынды «Көксәйек» аймағы, 2 орынды «Қасқасу» аймағы, 3 орынды «Бірінші мамыр» аймағы иеленді.
2) Волейболдан жүлделі 1 орынды «Бірінші мамыр» аймағы, 2 орынды «Ленгір» аймағы, 3 орынды «Қаратөбе» аймағы иеленді.
3) Үстел теннисінен жүлделі 1 орынды «Қасқасу» аймағы, 2 орынды «Ленгір» аймағы, 3 орынды «Көксәйек» аймағы иеленді.
Марапаттау рәсімінде аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Раджу Сайлауұлы жүлделі орынға ие болған командаларға кубоктар, мадақтамалар және спорттық жабдықтарды табыстады. Сонымен қатар, жарысқа қатысушылар номинациялық мадақтамаларға ие болды.
Аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі