ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
Облыстық тамыз кеңесі өткізілді
Тамыздың 24-і күні Түркістан қаласында білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесі болып өтті.
Дәстүр бойынша өтетін бұл тамыз кеңесінде өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алға қойған мақсат-міндеттер туралы айтылды.
Тамыз кеңесін облыс әкімі Ө.Шөкеев келген қонақтар мен саланың ардагер ұстаздарын Түркістан қаласының көрнекті әрі білім саласына қатысы бар орындарын таныстырудан бастады. Облыс әкімінен өзге «CONGRESS HALL» ғимаратында өткен кеңеске «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы К.Шамшидинова, ғалым Е.Бейсембетов және басқалар қатысып, өз ұсыныстарын айтты және саладағы жаңа технологиялар мен озық тәжірибелерін ортаға салды. Ал, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлы «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында баяндама жасады.
Жаңа форматта өткен жиынға Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының басшылығы мен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары де қатысты.
Іс-шара барысында өнерлі оқушылар қолөнер бұйымдарын жасап, сурет салды. Сондай-ақ ұстаздардың құрметіне концерт қойылып, көрме ұйымдастырылды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.