Тамыз конференциясы
Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастырумен кезекті тамыз конференциясы болып өтті. Жиын жаңа форматта өтті. Қала әкімі Құрманбекова Г. жиынды салтанатты жағдайда ашып беріп, ұстаздарға табыс тіледі. Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Момбеков Әшімхан 2022/2022 оқу жылының міндеттері деген баяндама жасады өткен оқу жылының қорытындысын айтты. Облыстық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы сөз сөйлеп ұстаздарды мерекемен құттықтады. Өзгерістер мен жаңалықтар айтылды. Қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мухаев Ж. сөз сөйлеп негізгі міндеттерге тоқтала келіп, бірнеше ұсыныстарын айтты.
- Ұстаздарға газет журналға жазылу мәселесін көтеріп өздеріне тиеселі баспасөзге жазылуға мумкіншілік беру керектігін айтты.
- Ұстаздардың жүктемесін көбейту мәселесін яғни сағат жүктемесін көбейту көтерді.
- Ауыл мұғалімдеріне қатты отынга бөлінген қаржысын көбейту мәселесін айтты.
Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.