«ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ» семинары
«ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ» семинары өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мерекесіне орай он күндік іс-шара негізінде Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 17 наурыз 2021 жылы «Өткенге тағзым-болашаққа тағылым» атты аудандық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты оқушылар санасына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіру негізінде өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыра отырып, шығармашыл және өнегелі тұлғаны қалыптастырудағы мұғалімнің шеберлігін таныту.
Осы орайда «Өткен күн тарих» тақырыбында ұйымдастырылған көрмеде мектептің фойесінде оқушылардың түсіндіруімен тарихи тұлғаларымыздың өмірі туралы айтылды. Семинардың ашылуы салтанатында Мақтаарал ауданының әкімінің орынбасары Ешанқұлова Алтын Күнтуқызы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Қошкаров Асанхан және С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің ата-аналар коммитетінің төрағасы Керімбеков Кәміл сөз сөйледі.
«Тарихқа тағзым» атты әдеби композициялық кеште Мектеп басшысы Айтынбетов Сұлтан Бейбітұлының басқшылығымен және де Мектеп директорының ТІЖО Мырзаханов Ербол, Қорабекова Гүлмира сонымен қатар қазақ тілі пәні мұғалімі әрі үздік сценаристі Момбаева Ләйлә ұстазымыз, мектеп тәлімгері Жаркинбекова Камшат ұстаз, музыка пәні мұғалімі Жамиля Тортаева ұстаз, қазақ тілі және әдебиеті, технологи пәні, тарих және география пәні, өзін өзі тану пәні, бастауыс бірлістіктері ұстаздары, ҚББП Гаухар Аширханова ұстазымыз және де мектебіміздің оқушылары сахналық қойылымға белсене қатысты.
Қойылымның бірінші бөлімінде Күлтегін жырын Тоныкөк жырымен дәріптеуі, екінші бөлімінде «Қазақ хандығы» Абыз атаның жырымен, үшінші бөлімінде «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама», төртінші бөлімінде Желтоқсан оқиғасының желісімен қазақ халқының бастан кешірген тарихи оқиғаларын сомдап, бейнеледі. Әрі қарай семинардың негізгі бөлімінде мектеп ұстаздары «Зұлмат жылдар зорбалаңы рухани сананы жаңғырту танымы», Ұрпаққа ұлағат–тарихқа тағзым», Ұлттың рухын көтерген Желтоқсан» атты ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарымен ұласты.
Семинардың қорытынды бөлімінде «Туған жерге тағзым» тақырыбында іс-шара жалғасын тауып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, тарихымыздың төркіні талқыланып, кезеңдері насихатталды.
«Өткенге тағзым-болашаққа тағылым» атты аудандық семинарының жоғары дейңгейде ұйымдастырылып өтілуіне ұйытқы болған мектеп директоры С.Айтымбетовке, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы З.Турсынхановаға аудандық кәсіподақ комитетінің атынан үлкен алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз жана берсін! Наурыз мерекесі құтты болсын!