«Таңдаулы мектеп кітапханасы – 2021» байқауы

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №7 ІТ мектеп-лицей базасында «Таңдаулы мектеп кітапханасы – 2021» байқауы өткізілді. Байқауға сақтық шараларын сақтай отырып, «Ashyq» қосымшасына тіркелу арқылы аудандық 11 кітапханашы сайысқа түсті.

Жобаның негізгі мақсаты: жалпы аудандағы білім беру ұйымдарының кітапханаларын заманауи дамыту арқылы оқу мәдениетін терең қалыптастыру және кітапхана мамандарының шығармашылық әлеуетін арттыру, дәстүрлі оқуды сақтай отырып, кітап оқу мәдениетін насихаттау, кітапхана мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру, рухани шығармашылығын дамыту, өзара тәжірибе алмасу және білім беру кеңістігін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.

Байқаудың 4 кезеңі бойынша Шымыралиева Жаныл, Қыпшақова Айгуль, Дәуен Ақбөпе, Сарбасова Гульбану, Каракулова Алия, Кадирбаева Эльвира, Абліматова Жанар, Аяпбергенова Меруерт, Досалиева Айгуль, Түребаева Бағила атты мектеп кітапханашылары өз іс-тәжірибелерін бөлісе отырып, шығармашылығы мен біліктіліктерін сан қырынан көрсетті.

Жүлделі орындарға және ерекше номинацияларға ие болған кітапханашыларға мақтау қағазы мен аудандық кәсіподақ комитетінің қаржылай сыйлықтары табыс етілді.

Байқауда бас жүлдені жеңіп алған Момынай жалпы орта мектебінің кітапханашысы Шымыралиева Жаныл облыстық байқауға жолдама алды.

 

«Таңдаулы мектеп кітапханасы - 2021» байқауы «Таңдаулы мектеп кітапханасы - 2021» байқауы «Таңдаулы мектеп кітапханасы - 2021» байқауы «Таңдаулы мектеп кітапханасы - 2021» байқауы «Таңдаулы мектеп кітапханасы - 2021» байқауы «Таңдаулы мектеп кітапханасы - 2021» байқауы