«ТОЛАҒАЙ» спорттық-эстафеталық сайысы
«ТОЛАҒАЙ» спорттық-эстафеталық сайысы өткізілді.
Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімдігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Отыз жылдыққа отыз игі іс» іс-шарасы мен салауатты өмір салтын берік ұстану мақсатында 04 қараша күні «Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздарының арасында «Толағай» спорттық-эстафеталық сайысы өткізілді.
Мерекелерге орай ұйымдастырылған «Толағай» спорттық-эстафеталық сайысын «Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қ.Досқараевпен Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Е.Жанисов құттықтау сөздерімен ашып, спорттық-эстафеталық сайысына қатысушы барлық ұстаздарға сәттілік тіледі.
Жарысқа қатысушы ұстаздар топтың аты мен ұранын таныстыру, «Жүйрік паравоз» ойыны, «Кенгуру» сайысы, «Баскетбол торына доп лақтыру», «Допты түсірме» ойыны, «Калькулятор» ойыны, «Мергендер» сайысы және арқан тарту сынды сайыстарда өзара бақ сынып, үздіктерді анықтады.
Жарыстың қорытындысына сәйкес барлық кезеңдерде өзгелерден оқ бойы озық шығып, жоғарғы ұпайларға қол жеткеріп, сайыстың жеңімпазы болған, жүлдегері болған командаларға аудандық кәсіподақ комитеті мен мектеп әкімдігі тарапынан дайындалған мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Отыз жылдыққа отыз игі іс» іс-шарасы мен салауатты өмір салтын берік ұстану мақсатында ұстаздардың арасында «Толағай» спорттық-эстафеталық сайысының өтуіне ұйытқы болған «Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қ.Досқараевқа, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Султановаға аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.