ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА АТАЛЫП ӨТТІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА АТАЛЫП ӨТТІ

2024 жылдың 05 қазан Ұстаздар мерекесі күні Түлкібас ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде «Ұстазыма мың алғыс!» атты ұстаздар күніне арналған аудандық мерекелік іс-шарасы өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Таскулова Мадина Абубакирқызы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатбай Қасымбек, аппарат басшысы Б.Жақыпбек,білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Досжан Кыдыралиев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбішев Дәулен, ардагер ұстаздар және аудан ұстаздары қатысты. Салтанатты іс-шараға зейнеткер, ұлағатты 10 ұстаздарымыз арнайы шақырылып,мерекелік сыйлықтармен және гүл шоқтары табысталды.

Салтанатты іс-шараға арнайы келген қонақтар әуелі білім беру ұйымдарының көркем еңбек және үйірме жетекші педагогтері ұстаздар мерекесіне орай арнайы әзірлеген ” Гүлдер көрмесін” тамашалады. Көрмеге гүлдерден, жеміс-жидек, көкөністерден әзірленген түрлі композиядағы жұмыстар қойылды. Сонымен қатар, қонақтарды Мәдениет үйінің алдында аудандық “Балалар өнер мектебінің “Ұлт- аспаптар” оркестрінің өнерін тамашалады.

Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада жалпы – ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігінің “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен 5, облыс және аудан әкімінің “Алғыс хатымен ” 12, облыс және аудандық мәслихаттың “Алғыс хатымен ” 11, Түркістан облысының білім басқармасының ” Құрмет грамотасымен” 14, аудандық, облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен марапатымен 12 педагог, жалпы – 42 педагог марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, облыс және аудан әкімінің “Алғыс хатымен ” ұстаздарды марапаттады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатбай Қасымбек : Өмір жолын қиын жол деп әрдайым, тәрбиелеп ақылды қып өсірген ұлағатты ұстаздарды тамаша төл мерекесімен құттықтап, алғысын білдірді.

Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Таскулова Мадина Абубакирқызы сөз кезегін алып, Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді, – дей келе бес ұстазымызға “Ы. Алтынсарин” төсбелгісін табыстады.

Жиын барысында білім бөлімінің басшысы м.у.а Досжан Кыдыралиев мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, білім саласында шығармашылық жетістіктерге жеткен бірқатар ұстаздарды марапаттады.

Сонымен қатар, кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбішев Дәурен ұлағатты ұстаздарды «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және құрмет грамоталарымен марапаттады.

Салтанатты іс-шара соңы Балалар” Өнер мектебінің”, Састөбе өнер мектебінің өнерпаз шәкірттерінің орындауында” “Ұстазыма” хор , ҚР мәдениет саласының үздігі , әнші-сазгер Рысты Әлімбеттің орындауында “Қазақстаным” әні, “Қаракөз” би тобының” Нәзігім” биі, “Қазына” дуэтінің” “Келші жаныма” әндерімен ұстаздарға əзірлеген концерттік бағдарламасымен ұласты.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.