Түлкібас аудық кәсіподақ комитетінің іс-шарасы
Түлкібас ауданы мектептері арасында өткізіліп жатқан Қазақ жырының алыбы- Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің челленджін Б.Садықов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздарынан қабыл алып, «Жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында тәрбиелік мәні өте жоғары іс-шарасын атап өтті.
Іс- шараның мақсаты: ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың өмірі,шығармашылығымен таныстыру, ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, патриоттыққа тәрбиелеу болды. Бұл шараға 8-10 сынып оқушылары белсене араласып, өлеңдерін мәнерлеп ,нақышына келтіре орындады.
Сондай –ақ мектебімізде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін ұйымдастыру мен өткізу жоспарына сәйкес 18 наурыз күні Қамқорлық акциясы аясында «Жылы жүрек, жомарт қол»атты тақырыпта мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына мектепке киетін киім- кешектер таратылып берілді.
Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Х.Қожахметованың ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аталып өтілді. Х.Қожахметова аталған жобамен таныстырып, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қолға алынған іс- шараларға тоқталды. Бастауыш сынып бірлестігі тағылымы мол кітаптарды сыйға тарту етті.Жобаға қатысқан мектеп директоры Н.А.Сагиндыков пен кәсіподақ төрайымы Г.Мендыбаева өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
19 наурыз күні мектеп тәлімгері Ж.Жұмашеваның ұйымдастыруымен 5-сынып оқушыларымен «Әз Наурыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.Ең алдымен сөз алған мектеп директоры Нұрғали Амангелдіұлы Күн мен түн теңеліп, құл мен ұл,күң мен қыз теңесетін теңдік күні, жаңару, жаңа күн дегенді білдіретін, Ұлыстың Ұлы күні Әз наурыз мерекесімен құттықтай отырып, мектептегі шығармашыл ұстаздарды арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Іс- шара барысында оқушылардың арасында көрме ұйымдастырылып, өлең- жырлар оқып, өз өнерлерін көрсетіп, марапаттарға ие болды. Барлық іс- шараларда санитарлық талаптар ескеріліп отырды.