Түркістандық ұстаздар белдесті!

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және Түркістан облысының Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет «Ұстаз барысы» облыстық жарыс өз мәресіне жетті. Жеті салмақ бойынша өткен жарыстың іріктеу сайыстары бастауы аудан, қалаларда өткізілсе, ақтық жарыс Түркістан қаласының «Балуан Шолақ» спорт кешенінде 27.09.2022 ж. күні болып өтті. Ашылу салтанатында облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық білім беруді дамыту орталыңының директоры Б.Төлімбет сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі.

Жарыс барысында белдесуге облысымыздың аудандары мен қалаларынан 7 салмақ бойынша 119 спортшы ұстаз, “Түйе балуан” белдеуінде 17 балуан бақ сынасты. Боз кілемдегі сайыстар өте тартысты басталып, жарысқа қатысушылар өздерінің өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша:

60 кг салмақта:

І орын – Мырзахан Сәулет (Бәйдібек ауданы)

ІІ орын – Қошқар Жаңабай (Сарыағаш ауданы)

ІІІ орын Андабаев Бауыржан (Келес ауданы)

66 кг салмақта:

І орын Таңжаров Ерхатардара ауданы)

ІІ орын – Арыстанбек Асқар (Ордабасы ауданы)

ІІІ орын – Зубайра Дінмұхамед (Созақ ауданы)

74 кг салмақта:

І орын – Болысбеков Мұқағали (Кентау қаласы)

ІІ орын – Сихымбаев Нұрдәулет (Төлеби ауданы)

ІІІ орын – Сатаев Әзімхан (Сайрам ауданы)

82 кг салмақта:

І орын – Дауылбаев Нұрлан (Бәйдібек ауданы)

ІІ орын Эрматов Аманбай (Мақтарал ауданы)

ІІІ орын – Есенгелді Нұрлан (Отырар ауданы)

90 кг салмақта:

І орын – Әбдіханов Ербол (Кентау қаласы)

ІІ орын – Оралбаев Асылбек (Қазығұрт ауданы)

ІІІ орын – Әбубәкір Орынбек (Төлеби ауданы)

100 кг салмақта:

І орын Айтжан Нұрғали (Ордабасы ауданы)

ІІ орын Саржанов Марғұлан (Созақ ауданы)

ІІІ орын – Нуров Тұрғыл (Мақтарал ауданы)

+100 кг салмақта:

І орын Туреқұлов Асқар (Отырар ауданы)

ІІ орын – Тәжібаев Абзал (Созақ ауданы)

ІІІ орын – Смадияров Қайрат (Жетісай ауданы)

“ТҮЙЕ ПАЛУАН” сайысында:

І орын – Төреқұлов Асқар (Отырар ауданы)

ІІ орын – Рахишов Мақсат (Бәйдібек ауданы)

ІІІ орын – Әбдіханов Ербол (Кентау қаласы)

Жалпы командалық есеп бойынша:

І орын – Отырар ауданы;

ІІ орын – Бәйдібек ауданы;

ІІІ орын – Кентау қаласы

сайыс жеңімпаздары атанып, жүлделерге ие болды. «Ұстаз барысы» облыстық турнирінің «Түйе палуаны» атанған Отырарлық ұстаз Асқар Төреқұловқа арнайы белбеу сыйға берілді. Қазақтың дәстүрлі спорт сайыстарының бірі – қазақ күресі өңірімізде қарқынды түрде дамып жатқаны байқалып отыр. Ұстаздар арасында өткен осынау жарыстың нәтижесінде қазақ спортының мәртебесі көтерілді. Болашақ ұрпақты спортқа баулып, олардың бойында ұлттық рухты қалыптастыру мақсатында алғаш рет өткізілген осынау игі бастама алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіледі деген сенім бар. Ұстаздарымыздың бүгінгі жеңістері құтты болсын!

Түркістандық ұстаздар белдесті! Түркістандық ұстаздар белдесті! Түркістандық ұстаздар белдесті! Түркістандық ұстаздар белдесті! Түркістандық ұстаздар белдесті! Түркістандық ұстаздар белдесті!