Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің Кезекті мәжілісі өтті.

2022 жылғы 7 желтоқсан күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды. Б.Еркінбек мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.

К ү н т ә р т і б і :

1.Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыстарын жақсарту және белсенділігін арттыру жөніндегі жұмыстары туралы.

2. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі және «Түркістан облысы математика пәні мұғалімдері» Қоғамдық бірлестігі арасындағы орта білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумын орындауға байланысты шаралар жайлы.

3.Облыстық кәсіподақ комитетіне тапсырылатын есептіліктер туралы.

4. Түрлі мәселелер.

«Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыстарын жақсарту және белсенділігін арттыру жөніндегі жұмыстары туралы» бойынша облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов анықтамамен таныстырды, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасым атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Талқылауға атқару комитетінің мүшелері Ә.Тастанбеков, Ж.Мухаев қатысты.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі және «Түркістан облысы математика пәні мұғалімдері» Қоғамдық бірлестігі арасындағы орта білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумын орындауға байланысты шаралар жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек хабарлама жасап, меморандумды түзу мақсаты мен міндеттері жайлы түсіндірме берді. Білім беруді дамыту, озат педагогтердың жұмыстарына қолдау жасау кәсіподақтың жұмыс бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Қаралған мәселе бойынша Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков сөйлеп, меморандумдағы айтылған мәселелерді мүмкіндігімізге қарай қолдау және көмек көрсету, оқушылардың білімін арттыруға біздің қосқан үлесіміз деген пікір айтты.

Б.Еркінбек – бұл жұмысты қолдау біздің кәсіподақ ұйымының білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қосқан үлесіміз болып табылады деп қорытындылады.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

Мәжілісте облыстық кәсіподақ комитетінің ағымдағы жұмыстары бойынша талқылау және пікір алысу жүргізілді.

Атқару комитеті мәжілісінің соңында Б.Еркінбек Сауран, Түлкібас, Келес аудандары мен Түркістан қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ф.Рысбековаға, Д.Абишевке, Н.Артықовқа және Г.Төрежановаға облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа сіңген еңбегі үшін» төс белгілерін, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне Құрмет грамоталарын тапсырды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің  Кезекті мәжілісі өтті.