Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті кеңейтілген мәжілісі өтті.
2023 жылғы 28 сәуір күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.
Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.
Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды. Б.Еркінбек мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.
Атқару комитеті мәжілісінде «Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2022 жылы атқарылған жұмыстары туралы» облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек баяндама жасады. Есепті кезеңде жоспарға сәйкес облыстық кәсіподақ комитетінің пленумы, атқару комитетінің 4 кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстар атқарылды, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау жөнінде іс шаралар ұйымдастырылды, кәсіподақ активімен семинарлар өткізілді. Облыстық кәсіподақ комитеті Түркістан қаласында «Еңбек күніне», «Кәсіподақтар күніне» арналған облыстық деңгейдегі іс-шаралар өткізді. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп «Ұстаз барысы» облыстық спорт жарысы, «Білім беруді дамыту орталығымен» бірге оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «КitapХАН@» кітап оқу жарысы өткізілді. Аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттері облыс бойынша озат математика мұғалімдеріне математика пәнінің жаңартылған оқулықтарының 120-дан астам комплектін алуға демеушілік жасады. Баяндаманы талқылау бойынша Сарыағаш, Мақтаарал, Түлкібас аудандық, Арыс, Кентау қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, А.Жолдасов, Д.Абишев, Ж.Мухаев және Т.Садуов сөйледі.
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы кадр бөлімінің басшысы Р.Жайлаубай кәсіподақ активіне білім беру саласындағы басшы кадрларды іріктеу, қызметке қою, ротация жасау және ауыстыру мәселелері бойынша түсіндірме жасады, сұрақтарға жауап берді.
Облыстық кәсіподақ комитетіне 2022 жылы кәсіподақ мүшелерінен түскен хаттар, арыз-шағымдар мен өтініштерді қарау қорытындылары жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады.
Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.
Атқару комитеті мәжілісінде облыстық кәсіподақ комитетінің ағымдағы жұмыстары бойынша пікір алысу жүргізілді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.