Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті

2023 жылғы 15 қыркүйек күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.

К ү н т ә р т і б і :

1. ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер жайлы.

2. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмысын жетілдіру, кәсіподақ жиналыстарын дайындау мен өткізудің практикасын жақсату және бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік, практикалық көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы.

3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және оның ерекшеліктері туралы.

4. Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандарымен практикалық семинар өткізу жайлы.

5. Облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қатысты бастауыш кәсіподақ ұйымлары төрағаларымен оқыту семинарларын өткізу жайлы.

6. Мұғалімдер күні және Кәсіподақтар күні мерекелерін өткізу туралы.

7. Түрлі мәселелер.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1 қыркүйек 2023 жылғы Қазақстан халқына жолдауы бойынша Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғ.Мырзалы хабарлама жасады. Мәжілісте Жолдауда қойылған міндеттердің жүзеге асуына белсенділік танытып, білім беруді дамыту, сапасын арттыру мен қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жұмыстар жүргізу бойынша Сарыағаш, Мақтараал, Созақ аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, А.Жолдасов, М.Қасым және облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек сөз сөйлеп, ұсыныстар айтты.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмысын жетілдіру, кәсіподақ жиналыстарын дайындау және өткізудің практикасын жақсарту және бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік, практикалық көмек көрсетуді арттыру туралы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасады. Сарыағаш, Түлкібас, Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитеттірінің төрағалары Ә.Тастанбеков, Д.Әбішев, С.Әмзеева сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныс пікірлерін, бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметін жақсарта түсу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы айтты.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және оның ерекшеліктері туралы облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ғ.Ақбердиев мәлімдеме жасады. Әлеуметтік кодекс бірқатар заңдарды біріктіп, ҚР азаматтарының мәселелерін шешуде өзіндік рөлі бар жаңа заңнамалық құжат болып табылады. Сондай-ақ, Ғ.Ақбердиев ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер туралы айтып, қысқаша тоқталып өтті. Айтылған мәселелер бойынша көмекші құрал ретінде арнайы брошюра жасалып, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне таратылды.

Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандарымен практикалық семинар өткізу, оның тақырыбы, мақсаты жайлы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлап, сұрақтарға жауап берді.

Облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қатысты бастауыш кәсіподақ ұйымлары төрағаларымен оқыту семинарларын өткізу туралы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов тоқталып өтті. Бұл семинардың мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының кәсіподақ жұмысына деген жауапкершілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарға баулу, білімін жетілдіру.

Мұғалімдер күні және Кәсіподақтар күні мерекелерін өткізу туралы облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек хабарлады. Іс-шараның маңыздылығын ескеріп, ұйымдастыру жұмыстарына көңіл бөліп, оны жоғары деңгейде атап өту қажеттігін айтты. Аудандық қалалық кәсіподақ комитеттері төрағалары өз ұсыныс пікірлерін айтып, бір ауыздан қолдау білдірді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті