Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті
2023 жылғы 21 қараша күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.
Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.
Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.
к ү н т ә р т і б і :
1. Облыстық кәсіподақ комитітінің 2023 жылы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстары туралы есебі;
2. Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 2022-2023 жылдардағы атқарған жұмыстары жайлы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек баяндама жасады. Облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан 2023 жылы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде тиісті жұмыстар атқарылғандығын айтып, кәсіподақ – әрқашан еңбек адамының жанынан табылатын ұйым екендігіне тоқталып өтті. Баяндама барысында слайдтар, кестелер мен көрсеткіштер көрсетілді. Аталған мәселе бойынша Сарыағаш, Отырар, Жетісай, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, Е.Қасым, М.Спарханов, Қ.Төлебаев өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.
Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 2022-2023 жылдардағы атқарған жұмыстары жайлы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұман есеп берді. Баяндамашы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігіне байланысты өткізілген іс-шараларға тоқталды, аудандық кәсіподақ комитетінің әрбір кәсіподақ мүшесін назардан тыс қалдырмай, олардың өтініштерін қарап, зерделеп, оларға қауіпсіз еңбек жағдайын жасау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатқандығын айтты, қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Айтылған мәселеге байланысты облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек өз ұсыныс, пікірін білдірді, әрбір аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселесін басты назарға алып, тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.
Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі