Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті

2024 жылғы 18 қаңтар күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.

к ү н т ә р т і б і :

1. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің 2024 жылға негізгі іс-шаралар жоспары туралы;

2. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ филиалдары – аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларын қызметтеріне бекіту туралы;

3. Түрлі мәселелер.

Мәжіліске Түркістан облысы білім басқармасы басышының орынбасары Маханбетов Жандос Маханбетұлы қатысып, қазіргі таңда облыс көлемінде білім саласында болып жатқан өзгерістер, орын алып жатқан түрлі мәселелер, оларды шешу жолдары, білім саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жасалып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қойылған барлық сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымы арасындағы әлеуметтік әріптестік негізінде атқарылып жатқан жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту мәселелеріне тоқталып өтіп, алдағы уақытта оларды бірлесіп шешу қажеттігін айтып өтті.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары А.Абуов хабарлама жасады. Облыстық кәсіподақ комитетінің 2024 жылға негізгі іс-шаралар жоспары, кәсіподақ ұйымының қызметін жетілдіру, жақсарта түсу бойынша ағымдағы жылда атқарылатын жұмыстар жайлы айтты.

Аталған мәселе бойынша Сарыағаш, Мақтарал, Сауран, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, А.Жолдасов, Ф.Рысбекова, Қ.Төлебаев өз пікірлерін білдіріп, жоспардың нақты әрі кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттырар тұстарына тоқталып, ұсыныстарын айтты.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ филиалдары – аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларын қызметтеріне бекіту туралы төраға орынбасары А.Абуов хабарлады. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек барлық аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларының қызметтеріне табыс тілеп, өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, кәсіподақ қозғалысының дамуында аянбай еңбек ету қажеттігін айтып өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті