Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті.

30 наурыз 2022 жылы «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі және облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты.

Кеңейтілген мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

Қазақстан Республикасы Президентінің 16 наурыз 2022 жылғы Қазақстан халқына жолдауын талқылау туралы.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподақ мүшелік жарналарын төлеу, бөлу және жұмсау тәртібі туралы» Ережесі жайлы.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2022 жылға істер номенклатурасы жайлы.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы және облыстық кәсіподақ комитеті бірлесіп өткізетін «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауы туралы.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2022 жылға кәсіподақ активін оқыту жөніндегі семинарлар өткізу жоспары туралы.

Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері бойынша екі жақты келісімдер мен ұжымдық шарттарды түзу және қабылдау жөніндегі жұмыстың барысы жайлы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 16 наурыз 2022 жылғы Қазақстан халқына жолдауы бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады. Мәжілісте Жолдауда қойылған міндеттердің жүзеге асуына белсенділік танытып, білім беруді дамыту, сапасын арттыру мен қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жұмыстар жүргізу бойынша Сарыағаш, Түлкібас, Созақ аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, Д.Абишев, М.Қасым және облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек сөз сөйлеп, ұсыныстар айтты.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподақ мүшелік жарналарын төлеу, бөлу және жұмсау тәртібі туралы» Ережесі жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мухтаров хабарлама жасап, сұрақтарға жауап берді.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2022 жылға істер номенклатурасы жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мухтаров хабарлама жасады.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы және облыстық кәсіподақ комитеті бірлесіп өткізетін «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауы туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Л.Ан хабарлама жасады. Байқаудың Ережесі, оның мақсаты, міндеті және талаптары таныстырылды. Байқауды жоғары деңгейде өткізу бойынша ұсыныстар, пікірлер айтылды.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2022 жылға кәсіподақ активін оқыту жөніндегі семинарлар өткізу жоспары туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Л.Ан хабарлама жасады, сұрақтарға жауап берді. Оқу жылының соңына дейін жоспар бойынша кәсіподақ активін оқыту семинарлары өткізілетін болды.

Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері бойынша екі жақты келісімдер мен ұжымдық шарттарды түзу және қабылдау жөніндегі жұмыстың барысы жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Л.Ан хабарлама жасады, сұрақтарға жауап берді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Мәжіліс соңында Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары ұсыныстар айтып, өзара пікір алмасты.

Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан айтылған ұсыныстар бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі жұмысын облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі