ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2025» АНЫҚТАЛДЫ.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҰСТАЗ БАРЫСЫ - 2025» АНЫҚТАЛДЫ.

2025 жылдың 17-18 сәуір күндері Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы «Оқсыз» спорт кешенінде Түркістан облыстық білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы мен Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының қолдауымен облыс педагогтері арасында қазақ күресінің мәртебесін көтеріп, спортқа баулу, тұғырлы тұлға және ұлттық рухты қалыптастыру, шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіптік өсуіне ықпал ету, мұғалім еңбегінің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ күресінен “Ұстаз барысы – 2025” жарысы өткізілді. Облыс көлемінде өтіп жатқан жарысқа 17 аудан, қаладан 120-ға жуық спортшы 7 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде өз ара сынға түссе, түйе балуан бәсекесінде 15 балуан күш сынасты. Кіл мықтылар бәсекесінде Төлеби ауданың балуаны Абубәкір Орынбек осы жарыстың түйе балуаны атанды. Жарыстың “Түйе балуанына” арнайы белбеу және қаржылай сертификаты тапсырылды.

Командалық есепте:

1 – орынды Отырар ауданының,

2 – орынды Созақ ауданының,

3 – орынды Сарыағаш ауданының командалары иеленді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Білім беруді дамыту орталығының бөлім меңгерушісі С.Тлеулиев, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбек, Отырар аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев және аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары арнайы грамотамен, медальдармен, кубоктармен және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.

 

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.