Түркістан қаласына туристік саяхат
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 02 маусым мен 09 маусым күндері барлық карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып, аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептерде 2020-2021 оқу жылында өз қызметтерін жоғары дәрежеде атқарған техникалық қызметкерлерді ынталандыру, көтермелеу мақсатында Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласына туристік саяхатқа жіберілді.
02 маусым күні Достық ауылдық округы, Жаңа жол ауылдық округы, А.Қалыбеков ауылдық округы және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округында орналасқан жалпы саны 18 білім мекемесінің және 09 маусым күні Атакент кенті, Жамбыл ауылдық округы мен Мақтаарал ауылдық округында орналасқан жалпы саны 17 білім мекемесінің кәсіподақ мүшелері Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмед Яссауи кесенесіне зиярат етіп, жаңадан бой көтерген «Керуен сарай» демалыс аумағында болып, керемет дүниелермен танысып қайтты.
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептерде 2020-2021 оқу жылында өз қызметтерін жоғары дәрежеде атқарған жалпы саны 120 техникалық қызметкер аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастырған туристік сапарға жіберілді.
Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласына турситік саяхатымыз жоғары деңгейде өтіп, кәсіподақ мүшелері өздерінің шынайы ризашылықтарын білдіріп, аудандық кәсіподақ комитетінің ұжымына алғыстарын білдірді.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.