Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің демеушілігімен аудандық Мәдениет үйінде «2022 жылғы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы» болып өтті.
Білім беру саласында үздік нәтижеге қол жеткізген, сапалы білім, саналы тәрбие беріп, шәкірттері байқауларда жүлдегер атанған ұстаздарды аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған төсбелгі, аудан әкімінің “Алғыс хаты”, аудандық мәслихаттың Грамотасымен марапаттады. Салтанатты жиынға қатысқан аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекайдар Тойлыбаев пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Раджу Сайлауұлы білім саласының ең үздік қызметкерлеріне марапаттарын, сертификаттары мен ақшалай сыйлықтарын табыстады. Мерекелік іс-шара концертке ұласып, өнері өрге жүзген талант иелері әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы