«Тәуелсіздікке тарту» атты шығармашылық кеш
Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30жыл толуына орай Ленгір қалалық балалар саз мектебінің мұғалімі Айбек Баезовтың өз шәкірттерімен «Тәуелсіздікке тарту» атты шығармашылық кеші өткізді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Ұстаздық еңбек жолыма 30 жыл” байқауы аудандық жалпы білім беру мектептеріндегі педагогикалық еңбек өтілі 30 жылға толған ұстаздардың қатысуымен Жыланбұзған жалпы орта мектебі базасында өткізілді. Жеңімпаз болған ұстаздарға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің мақтау қағаздары мен сыйлықтары табыс етілді.