Тәуелсіздік мерекесіне арналған облыстық спартакиада

Тәуелсіздік мерекесіне арналған облыстық іс-шара өткізілді.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай атқарылатын жұмыстар жоспарын қабылдап, іске асыру жөнінде көптеген іс-шаралар өткізіп келеді. Сондай іс-шараның  бірі – 22 қазан күні Түркістан қаласында өткен облыс мұғалімдерінің спартакиадасы.  Бұл жарыс бірлескен қаулы және әлеуметтік әріптестік негізінде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп өткізілді. Облыстық спорт сайысы волейбол, кіші футбол және үстел теннисі түрлерінен өтті.

Облыстық спартакиаданы облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының әдістемелік орталығының директоры Б.Төлімбет ашып,  жарысқа қатысушыларға құттықтау айтып,  табыс тіледі.

Облыстық спорт жарысына облыс бойынша 4 аймақта өткен іріктеу ойындарының жеңімпаздары қатысты. Облыстық спорт сайысы қызықты әрі тартысты өтіп, жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаз болған және жүлделі орын алған командаларға  Кубоктар мен Дипломдар,  ойыншыларға медальдар және ақшалай сыйақы тапсырылды. Волейбол және кіші футбол жарысы бойынша бірінші орын алған командаға 200 мың теңге, екінші орын үшін 150 мың, үшінші орын алған екі командаға 100 мыңнан, үстел теннисі бойынша тиісінше – 70, 50 және 30 мыңнан сыйақы берілді.

Спорттың волейбол түрінен – бірінші орынды Түркістан қаласы, екінші орынды Түлкібас ауданы  иеленсе, үшінші орынды алғандар –       Сарыағаш, Бәйдібек аудандары.

Кіші футбол бойынша – бірінші орын Түркістан қаласы, екінші орын Сайрам ауданы, үшінші орын алғандар –  Бәйдібек, Жетісай аудандары.

Үстел теннисінен – бірінші орын Кентау қаласы     , екінші орын Түлкібас ауданы, үшінші орын алғандар – Келес, Отырар аудандары.

Облыстық жарысқа қатысушылар жарысты ұйымдастырушылар – облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевқа, облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбекке жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған облыстық спартакиада Тәуелсіздік мерекесіне арналған облыстық спартакиада Тәуелсіздік мерекесіне арналған облыстық спартакиада Тәуелсіздік мерекесіне арналған облыстық спартакиада Тәуелсіздік мерекесіне арналған облыстық спартакиада Тәуелсіздік мерекесіне арналған облыстық спартакиада