«Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік іс-шара
«Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры»
Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Шорнақ» жалпы орта мектеп базасында мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында келген қонақтарды мектеп оқушылары (флэшмоб) биімен қарсы алып, тәуелсіздігімізге арналған көрмедегі бұйымдар үш тілде таныстырылды. «Алтын сақа» бөбекжай балабақшасының бөбектері мәнерлеп тақпақтарын айтты.
Аудан әкімі Ғ. Рысбеков, мәслихат хатшысы Мейрамбек Заманбекұлы, «НұрОтан» партиясы Сауран аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков және Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф. Рысбековалар мұғалімдерді мерекемен құттықтап, төс белгілермен, құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен заттай сыйлықтармен марапаттады. Балалар әндермен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.