«ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ» атты аудандық іс-шара
«ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ» атты аудандық іс-шара өткізілді.
Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 13 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-мәңгілік ел мұраты» атты салтанатты шара өткізілді.
Меркелік шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, ауданымыздың қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Ердешов, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Ш.Байтенов қатысып, мерекелік шараға келген ұстаздар мен қонақтарды мерекемен құттықтап, білім беру саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұсынысымен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің «Алғыс хатымен» – О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінің директоры М.Аманова марапатталды.
Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаевтың «Алғыс хатымен» – Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Т.Айнамкулов марапатталды.
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев пен Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің бірлескен «Құрмет грамотасы» Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Е.Акрамов пен №25 «Жаңа жол» жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Мустафаева марапатталды.
Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен С.Торайғыров атындағы жалпы орта мектебінің директоры А.Ақназаров, №9 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Аккулов, Болашақ жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Телходжаева марапатталды.
Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Құрмет грамотасымен» С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Е.Бидинов, С.Айни жалпы орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Молдабекова және «Ақберен» бала бақшасының меңгерушісі Б.Мусырмакулова марапатталды.
Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Алғыс хатымен» С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Мырзаханов, Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің есепшісі Ә.Асанова, Мырзакент мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Р.Казиханова, «Қаламқас С» бала бақшасының меңгерушісі К.Базарбаева марапатталды.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-мәңгілік ел мұраты» салтанатты шарамыздың соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Барша марапат иелерін Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Мереке құтты болсын!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі